
Өмірбаян
Әлжан Абзал Жәрдемұлы 21 қазан 1965 жылы Орал облысы,Тайпақ ауданы, Базаршолан ауылында дүниеге келді. 1972-1982 жылдары Қызылжар орта мектебінде орта білім алды.1982-1989 жылдары Гурьев педагогика институтына түсіп, тарих-филология факультетінде білім алды. Мамандығы – тарих және құқық негізі пәндерінің мұғалімі.1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді.
1989-1992 жылдары Тайпақ ауданы Қарауылтөбе ауылы Тайпақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі.
1992-2012 жылдары Тайпақ ауданы Сарытоғай орта мектебінің директоры.
2012-2021 жылдары Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
2021 жылдың 29 шілде айынан бастап Сарытоғай ауылдық округі әкімінің лауазымына қайта тағайындалды.



