
Ахилбеков Самат Мухатович
Алматы облысы әкімінің кеңесшісі
Өмірбаян
Самат Мұхатұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжін «Кеден ісі», 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие», 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Құқықтану», 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит», 2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілік шебері», 2020 жылы Бостон университетін «Жобаларды басқару саласындағы жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның индустриалды банкі» АҚ несие инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының эксперті, жетекші маманы, бас маманы, басқарма бастығы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Даму» акционерлік қоғамының аумақтық филиалдарының директоры лауазымдарын атқарған.
2021 жылдың ақпанынан «Еуразиялық банк» атқарушы директоры лауазымында.





