
Асылбеков Жандос Бауыржанұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 10 наурыз 1978 жыл
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты
(құқықтану)
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облысы бойынша Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының бас маманы лауазымынан бастаған;
Әр жылдары Қызылорда облысы қала, аудандар прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы, басқарма прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған;
Қызылорда облысы Қармақшы, Қазалы аудандарының прокуроры болды;
2022 жылдан 2024 жылға дейін Қызылорда облысы прокуратурасы прокурорының орынбасары қызметін атқарды;
2024 жылдың наурызынан Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды.





