
Шайкенова Бибігүл Кенжеханқызы
"Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Шайкенова Бибігүл Кенжеханқызы 1967 жылы Алматы облысы, Гвардейский ауданы, Холмогоровка селосында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы мамандандырылған полиграфия-техникалық училищесін бітірді. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1986 жылдан Алматы облысы, Талғар ауданы, Шеңгелді қоғамдық тамақтандыру бірлестігінде сатушы, 2000-2012 жылдар аралығында Қапшағай қалалық жылжымайтын мүлік орталығы филиалының кассир-мұрағатшысының көмекшісінен бастап директордың орынбасарына дейін көтерілді. 2012 жылдан бастап "Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы, 2022 жылдан бастап "Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы.




