
Өмірбаян
1993-2004 ж.ж. Егіндікөл орта мектебінде орта білім алған. Екі жоғары білімді.
2004-2008 ж.ж. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың политехникалық факультетінде «Электроэнергетика» мамандығы бойынша білім алған, екінші жоғары білімін «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.
2008-2010 ж.ж. аралығында бірінші мамандығы бойынша «Жайық жылу қуат» АҚ-да қызмет атқарған.
2010-2019 ж.ж. «Жайық Пресс» ЖШС қарасты облыстық «Орал өңірі» қоғамдық саяси газетінде тілші, гуманитарлық бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2019 жылдан осы уақытқа дейін «DANА kaz» тарихи танымдық журналының бас редакторы қызметін атқарған.
2020 жылдың 6 қазанынан бастап Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.





