Муханов Канат Муратович

    Бөлім басшысы

    Муханов Канат Муратович
    Руководитель отдела

    Муханов Канат Муратович

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1984 жылғы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін экономист-есепші мамандығы бойынша және 2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

    2006 жылы - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің уақытша біліктілігі орташа деңгейдегі категориясы жоқ маманы, Қаратөбе ауылы;

    2006-2011 жж. - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің маманы, Қаратөбе ауылы;

    2011 жылы - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі 2 санатты маманы, Қаратөбе ауылы;

    2011 жылы - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі 2 санатты (операциялық) маманы, Қаратөбе ауылы;

    2011-2012 жж. - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, Қаратөбе ауылы;

    2012-2013 жж. - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Батыс Қазақстан облысы филиалы Қаратөбе аудандық бөлімшесінің зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі маманы, Қаратөбе ауылы;

    2013-2018 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығының "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын жүзеге асырушы маман, Қаратөбе ауылы;

    2018 жылы - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығының Орталық құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Қаратөбе ауылы;

    2018-2022 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің әкімі, Қоскөл ауылы;

    2022 жылы - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудан әкімінің аппараты құжаттамалық қамту және шаруашылық жұмыстары бөлімінің бас маманы;

    2022 жылы - Төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор;

    2022-2025 - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

    16 мамыр 2025 жылдың - қазіргі кезең - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қаратөбе ауылы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері