
Кенжеғалиева Мейрамгүл Жолдығалиқызы
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Кенжеғалиева Мейрамгүл Жолдығалиқызы – 1985 жылы 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар, 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 - 2010 жылдары Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман қызметінен бастаған.
Содан соң, 2010 – 2011 жылдары Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі жетекші маман қызметін атқарған.
2011 – 2014 жылдары Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығында маман қызметінде болды.
2014 – 2016 жылдары Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығында директор қызметін атқарды.
2016 – 2017 Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маман міндетін уақытша атқарушы, бас маман қызметтерін атқарған.
2017 – 2018 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы болды.
2018 жылдың маусым айынан 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қаратөбе ауданы әкімі аппараты, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы





