Омарова Сания Шайжановна

    Бөлім басшысы

    Омарова Сания Шайжановна
    Руководитель отдела

    Омарова Сания Шайжановна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Омарова Сания Шайжанқызы - 1966 жылдың 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. 1993 жылы – Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматық құрылыс» мамандығы және 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    1983-1984 жж.- Батыс Қазақстан облысы "Уральсксельстрой" штукатур маляршысы, Орал қаласы;

    1984-1987 жж. - Маршан құрылыс техникумының студенті, Маршанск қаласы ;

    1987 жылы- Барятинск агроөнеркәсіп бірлестігінің инженер құрылысшысы, Барятино ауылы ;

    1987-1988 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл совхозының күрделі жөндеу десятнигі, Шөптікөл ауылы;

    1988-1993 жж. - Жамбыл гидромелиорация институтының студенті, Тараз қаласы;

    1993-1995 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл совхозының мастер-десятнигі, Шөптікөл ауылы;

    1995 жылы - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық орталық кітапханасының әдіскері, Қаратөбе ауылы;

    1996-2001 жж. - Батыс Қазақстан облысы "Бактыгереева" ЖК прорабы, Орал қаласы;

    2002 жылы - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе БЖСМ прорабы, Қаратөбе ауылы;

    2008-2012 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы, Қаратөбе ауылы;

    2012 жылы - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы, Қаратөбе ауылы;

    2012 жылы - Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, Орал қаласы;

    2012-2014 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық Әділет басқармасының инспектор-тіркеушісі, Қаратөбе ауылы;

    2014 жылы - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық Әділет басқармасы бас маманының міндеттерін атқарушы, Қаратөбе ауылы;

    2014-2019 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық Әділет басқармасының бас маманы, Каратөба ауылы;

    2019-2021 жж. - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының тіркеу және жер кадастры бойынша бас маман тіркеушісі, Қаратөбе ауылы;

    2021 жылдың 11 мамырынан бастап Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері