Нұрсеитова Бұлбұл Кеңесбекқызы

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы

    Нұрсеитова Бұлбұл Кеңесбекқызы
    Руководитель отдела

    Нұрсеитова Бұлбұл Кеңесбекқызы

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы

    Өмірбаян

    Нұрсеитова Бұлбұл Кеңесбекқызы, 1968 жылы туған, білімі жоғары, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "География" мамандығы бойынша, Қазақстан-Американдық еркін университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1987 жылы мектепте пионервожатый болып бастады, одан кейін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

    1999 жылы қаңтарда Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментіне жетекші маман болып мемлекеттік қызметке келді. Өскемен қаласының көгалдандыру басқармасында бас маман болып қызмет атқарды. 2004 жылғы наурыздан – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжат айналымы және азаматтарды қабылдау бөлімінде жетекші маман, кеңседе бас маман болды. 2008 жылғы сәуірден – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) бас маманы. 2018 жылғы наурыздан персоналды басқару қызметінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері