
Асылбекова Дильвара Кенесарықызы
Қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы - бас бухгалтер
Өмірбаян
Асылбекова Дильвара Кенесарықызы 1979 жылы 18 сәуірде Талдықорған облысы, Сарқан ауданында, Сарқан қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары, 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Экономика магистрі академиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2001 жылы Бородулиха аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2002 жылдан 2010 жылға дейін аудандық қазынашылық бөлімдерінде, ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінде және Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінде жетекші маман, бас маман, бастықтың орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
2011 жылдан 2012 жылға дейін "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы " АҚ - Үштөбе сигнал беру және байланыс дистанциясы жетекші бухгалтер болып жұмыс істеді.
2013-2018 жылдар аралығында ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман және бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
2020 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімі аппаратының қаржы-экономика бөлімінің басшысы – бас бухгалтері болып тағайындалды.



