Төлеуов Олжас Аязбиұлы

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының Орынбасары

    Төлеуов Олжас Аязбиұлы
    Заместитель Председателя

    Төлеуов Олжас Аязбиұлы

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының Орынбасары

    Өмірбаян

    Олжас Аязбиұлы Төлеуов 1990 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары экономика мектебін, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің магистратурасын бітірген. Вусонг университетінің (Корея Республикасы) Solbridge бизнес мектебінде, Ресейдің орталық банкінде, Чехия мен Швейцарияның ұлттық банктерінде, сондай-ақ БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (АТМЭӘК) тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

    Еңбек жолын 2013 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығында бастаған. 2013-2015 жылдары Applied Economic Research Centre (AERC) бизнес-талдаушысы болып жұмыс істеді.

    2015-2018 жылдары-Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеулер, стратегиялық талдау және статистика департаментінде тағылымгер, жетекші, бас талдаушы, "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры"АҚ зерттеулер және білімді басқару секторының аға менеджері.

    2018-2020 жылдары-ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ директорының орынбасары, басқарушы директоры, вице-президенті.

    2020-2022 жылдары-ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі.

    Ұлттық Банктің магистратурасы мен оқу орталығында, Назарбаев университетінің магистратурасында және М.Ломоносов ат. ММУ Қазақстандық филиалында оқытушылық тәжірибесі бар. Ондаған ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. 2020 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының тұрақты қатысушысы болып табылады.

    Мемлекет басшысының өкімімен 2022 жылғы 5-сәуірінде Олжас Төлеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері