Шайымова Айгүл Амантайқызы

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының Орынбасары

    Шайымова Айгүл Амантайқызы
    Заместитель Председателя

    Шайымова Айгүл Амантайқызы

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының Орынбасары

    Өмірбаян

    А.Шайымова 1979 жылы 12 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келген. 1999 жылы Л.Гумилев ат. Еуразиялық университетін үздік дипломмен бітірген, 2004 жылы – Қаржы полициясы академиясын, 2018 жылы – Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

    2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыстар басқармасының кіші инспекторы, инспекторы, аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы.

    Сонымен қатар, 2002-2013 жылдары Қаржы полициясы агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасының құқықтық сараптама бөлімінің бастығы, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Ақпараттық-талдау департаменті Стратегиялық талдау орталығының бастығы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы.

    2016 жылғы 11 қаңтардан 28 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі.

    2016 жылғы 28 қыркүйектен 2019 жылғы 8 шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

    2019 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

    Айгүл Шаимова бірнеше жыл бойы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың жұмыс тобының тең төрайымы болды.

    Марапаттары: ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері