
Өмірбаян
Хаусылов Думан Мағузұлы, 1985 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Жақсы аудандық почта байланысы торабының инкассаторы қызметінен бастаған.
2010 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың қараша айына дейін Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2011-2012 және 2021-2022 жылдары Жақсы аудандық почта байланысы торабының инкассаторы болып жұмыс істеді.
2012-2016 жылдары Жақсы ауданы Киев ауылы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімі аппаратының жетекші маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2017-2021 жылдары Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылы Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарды, ал 2022-2023 жылдары осы бөлімнің (Жақсы ауылы) басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Запорожье ауылдық округінің әкімі болды.
Ағымдағы жылдың 2 наурыздағы АСК шешімімен Жақсы ауданының Жақсы ауылының әкімі болып тіркелді.




