
Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы
ҚР ҚМ Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы 1963 жылы туған, Қазақ химия-технологиялық институтын Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары кәсіпорындарының механикалық жабдықтары мамандығы бойынша,(1986 жыл) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын Мемлекеттік басқару мамандығы бойынша (2000 жыл), Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын Қаржы және несие мамандығы бойынша (2002 жыл), сондай - ақ "Қаржы академиясы" АҚ Қаржы мамандығы бойынша (2017 жыл) бітірген.
Дүйсен Бұхарбайұлы еңбек жолын 1986 жылы Чардарин құрылыс материалдары комбинатында инженер-конструктор болып бастаған.
Еңбек өтілі:
МЖЦ механигі, Шардара ҚСМ, Шардара
Жөндеу-механикалық цехының бастығы, Шардара ЖМЦ, Шардара (1986-1989);
Шардара аудандық әкімшілігінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі (1994-1995);
"Шардара мұнайдәрі" АҚ Вице-президенті (1995-1996);
Шардара қаласының әкімі (1996-1999);
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлім бастығы (2000-2002);
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің консультанты, бас инспекторы, бас консультанты (2002-2007);
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (2007-2008);
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті мемлекеттік активтер мониторингі басқармасының бастығы (2008-2009);
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры (2009-2010);
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (2010-2014);
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің республикалық мемлекеттік мүлікке иелік ету әдіснамасы және оңалту және банкроттық рәсімдері департаментінің директоры, Астана қ. (2014-2015);
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы (01.2015-09.2016);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (2016-2017);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті директорының орынбасары, (2017);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құжат айналымы департаменті директорының орынбасары (2017-2019);
ҚР Қаржы министрлігі құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары(2019-2024)





