
Өмірбаян
Алыбаев Рашид Елшібекұлы 9 қаңтар 1971 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында
дүниеге келген. 1994 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін "Математика" мамандығы бойынша,
ал 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1994-1999 жылдары А.Нүсіпбаев атындағы №1 орта мектепте Қаракемер ауылының математика пәнінің мұғалімі; 2001-2021 жылдар аралығында Қордай ауылында «SevenHolding» ЖШС-ң менеджері; сондай-ақ, 2016-2021 жылдар аралығында Қаракемер ауылындағы «Олжас» шаруа қожалығының басшысы; 2021 жылдың 27 қыркүйегінен 2021 жылдың 27 желтоқсанына дейін Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімініің міндетін атқарушы; 2021 жылғы 27 желтоқсаннан бастап Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.




