
Өмірбаян
Байсал Нұрлан Айдарұлы 1992 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ.
Білімі - жоғары.
2014 жылы Алматы технологиялық университетін «кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Қазақстан Республикасының Иордания Хошимиттік Корольдігіндегі Елшілігінде консул көмекшісі қызметінен бастаған.
2015-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Иордания Хошимиттік Корольдігіндегі Елшілігінде кезекші комендант, «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде оқытушы, «Номад-Азия-Экспресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер, 2019 жылдың мамырынан бастап 2021 жылдың шілдесі аралығында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.
Үйленген.




