
Каткеева Ляззат Жакыповна
Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Каткеева Ляззат Жакыповна, 10 сәуір 1973 жылы Алматы облысы Іле ауданы Комсомол ауылында дүниеге келді
Еңбек жолымды 11 қыркүйек 1990 жылы № 1«Гүлдер» кеңшарының жұмысшысы ретінде бастадым, осы мекемеде 31 қазан 1990 жылға дейін жұмыс жасап, өз еркіммен жұмыстан шықтым. Қызмет атқарған ұйым Алматы қаласында орналасқан.
01 қыркүйек 1994 жылы № 31 орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып орналастым, 06.10.1995 жылы осы ұйымдағы басқа лауазымға ауысуым себепті жұмыстан босадым.
06.10.1995 жылы № 31 орта мектептің тәрбиесі ісі бойынша меңгерушісі болып тағайындалдым, 31.08.1998 жылы басқа мектепке ауысуыма байланысты өз еркіммен жұмыстан босадым.
31.08.1998 жылы . Ноғайбаев ат. №18 орта мектептің қосымша орыс тілді классының қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып тағайындалдым. 13.09.2000 жылы өз еркіммен жұмыстан босадым.
13.09.2000 жылы № 31 орта мектептің директоры болып тағайындалдым. 20.03.2003 жылы басқа мектепке ауысуыма байланысты жұмыстан босадым.
20.03.2003 жылы №10 орта мектеп директоры қызметіне орналастым. 03.10.2008 жылы өз еркіммен жұмыстан босадым.
03.10.2008 жылы Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалдым.
05.02.2009 жылы Чапаев ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалдым. 10.09.2009 жылы басқа қызметке ауысуым себебінен жұмыстан шықтым.
10.09.2009 жылы Аудандық білім бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалдым. 01.10.2010 жылы мекеменің атауы өзгеруіне байланысты жұмыстан шықтым.
01.10.2010 жылы Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының м.а. қызметіне тағайындалдым. 25.05.2012 жылы мекеменің атауы өзгеруіне байланысты жұмыстан шықтым.
25.05.2012 жылы Аудандық білім бөлімі бастығының қызметіне тағайындалдым. 05.01.2021 жылы мекеменің атауы өзгеруіне байланысты жұмыстан шықтым.
05.01.2021 жылы «Алматы облысы Білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының қызметіне тағайындалдым. Осы уақытқа дейін сол қызметті атқарамын..



