
Имангазиева Панар Анварбековна
15
Өмірбаян
Имангазиева Панар Анварбековна 1967 жылы 6 қаңтарда Талдықорған облысы Новопокровка ауылында туды. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
1986-1987 жылдары Сарқан қаласындағы №11 кәсіптік- техникалық училищенің К-700 жүргізушісін даярлайтын тобында оқып, одан жолдама арқылы Талдықорған қаласындағы индустриалды-педагогикалық техникумына оқуға түскен. 1990 жылы аталған техникумды «үздік» дипломмен аяқтап, өндірістік оқыту шебері мамандығын алған. 2005 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуын аяқтайды.
14.09.1990-05.06.1992 Абай атындағы мектеп гимназиясының аға тәрбиешісі, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
05.06.1992-08.02.1993 Сарқан пионері үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
10.02.1993-07.04.1994 Көкөзек бірлескен шаруашылығы диспетчерінің көмекшісі, Талдықорған облысы Сарқан ауданы Көкөзек ауылы.
06.04.1994-28.09.2001 Абай атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
28.09.2001-02.12.2003 Абай атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып меңгерушісі, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
02.12.2003-01.09.2004 Абай атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
01.09.2004-17.08.2006 Абай атындағы мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
17.08.2006-25.08.2008 Алматы облысы Сарқан ауданы Черкасск ауылы Черкасск орта мектебінің директоры.
25.08.2008-27.01.2009 Сарқан аудандық білім беру бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
27.01.2009-01.11.2010 Сарқан аудандық білім бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
01.11 2010-16.05. 2012 Сарқан аудандық білім беру және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
16.05.2012-0.11.2012 Сарқан аудандық білім бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы.
06.11.2012 ж. – осы у/д Сарқан аудандық білім бөлімінің басшысы, Сарқан ауданының Сарқан қаласы.



