
Исағұлова Гүлсара Тастандықызы
Алматы облысының білім басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Исағұлова Гүлсара Тастандықызы 1963 жылы Талдықорған облысы Киров ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары педагогикалық.
Еңбек жолын 1982 жылы Алғабас орта мектебінің аға пионер тәлімгері болып бастады, 1988 жылға дейін осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді. 1990 жылға дейін М. Горький атындағы №4 және Б.Жолбарысұлы ат. №18 мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді..
1990-1993 жылдары "Қазақ тілі"қоғамының жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді.1993-1994 жылдары Талдықорған облысы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің аға референті, кейін әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің консультанты болып жұмыс істеді.
1994-2004 жылдары Талдықорған облысы білім басқармасының бас маманы, Жалпы орта білім беру және жаңа техникалық оқыту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2004-2008 жылдары Алматы облысы Көксу ауданы білім бөлімінің бастығы, 2008-2013 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың шілдесінен Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары.
Гүлсара Тастандықызы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Чернобыль апатына 25 жыл" мерейтойлық медалімен, "Білім үздігі" төс белгісімен, "Ы.Алтынсарин" медалімен марапатталды.



