Берикболов Қайрат Ельмарұлы

    Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры

    Берикболов Қайрат Ельмарұлы
    Директор

    Берикболов Қайрат Ельмарұлы

    Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры

    Өмірбаян

    Білімі жоғары, 2004-2008 жылдар аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бакалавр, 2010-2012 жылдарда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «педагогика-психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

    Еңбек жолын 2008-2010 жылдар аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Жетісу» кәсіпқой волейбол клубының қыздар командасының жаттықтырушысы қызметінен бастаған. Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің спорт клубының волейбол спорт түрінен жаттықтырушысы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, Алматы облысы, Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің аға әдіскері, Алматы облысы, Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директор орынбасары болып жұмыс атқарды. Алматы облысы Білім басқармасы басшысының бұйрығымен 2022 жылдың 16 қарашасынан бастап Алматы облысы, Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері