Нургалимов Жарқын Нұрланұлы

    4

    Нургалимов Жарқын Нұрланұлы
    Заведующий отделением

    Нургалимов Жарқын Нұрланұлы

    4

    Өмірбаян

    Нургалимов Жарқын Нұрланұлы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында 1973 жылы 07 қаңтарда дүниеге келді.

    1979 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Сергеевка ауылындағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1990 жылы аяқтады.

    1991-1995 жылдар аралығында Алматы қаласы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «география және биология» мамандығы бойынша оқып аяқтады .

    1998-2004 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №41 К.Азербаев атындағы орта мектебіне география-биология пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2004-2005 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейка қалашығындағы №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №2 Ломоносов атындағы орта мектебіне георгафия пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндгі орынбасары қызметін атқарды.

    2005 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында Аудандық әдістемелік кабиентке заңгер әдіскері, 2005-2006 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы №21 орта мектебіне география, биология пәні мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі орынбасары. 2006-2009 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 орта мектеп директоры қызметін атқарды.

    2009-2011 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 орта мектебінің директоры қызметін ауыстырылып, атқарды.

    2011-2014 жылдары «Талғар ауданының бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы қызметін атқарды.

    2014-2016 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ Экологиялық ағарту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2016-2018 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы «Аяла» Талғар ауданы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    03.09.2018 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қарасай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы қызметін, 2019-2020 жылдары Қарасай ауданының білім бөлімінің басшысы, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    2020-2021 жылдары Түркістан облысы Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2021-2022 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы «Талгарирригация» ШЖҚ СШ МКК-на директордың орынбасары қызметін атқарды.

    2022 жылдың қараша айынан -«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бройынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері