Төлебаев Марат Сағынтайұлы

    Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы

    Төлебаев Марат Сағынтайұлы
    Бастық

    Төлебаев Марат Сағынтайұлы

    Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Арнайы атағы – полиция генерал-майоры.

    1992 жылы ҚСРО ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебін, 1998 жылы – ҚР ІІМ Алматы заң институтын, 2004 жылы – ҚР ІІМ Академиясының басшы құрамды даярлау институтын тәмамдаған.

    1992-1995 жылдары – Қостанай облысы МТКБ Наурызым ауданы бойынша МТКБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі.

    1995-1996 жылдары – Қостанай облысы МТКБ Орджоникидзе ауданы МТКБ экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы.

    1998-1999 жылдары – Қостанай облысы ІІБ жедел уәкілі, аға жедел уәкілі.

    1999-2003 жылдары – Қостанай облысы ІІБ Наурызым ауданы ІІБ бастығының орынбасары.

    2003-2004 жылдары – ҚР ІІМ Академиясының ІІО басшы құрамды даярлау институтының тыңдаушысы.

    2004-2005 жылдары – Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы.

    2007-2008 жылдары – Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

    2008-2010 жылдары – Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

    2010-2011 жылдары – Астана қаласы ІІД Тергеу бойынша басқарма бастығының орынбасары.

    2011-2013 жылдары – Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ бастығы.

    2013-2016 жылдары – Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ бастығы.

    2016-2017 жылдары – Қостанай облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары.

    2019 жылы – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

    2019-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы.

    2022 жылдан бастап – Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері