
Әбілдин Әбіл Қалиақпарұлы
Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Семей заң колледжін тәмамдаған.
1997-2000 жылдары – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің адамға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі бөлімшесінің жедел уәкілі
2000-2001 жылдары – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі.
2001-2003 жылдары – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінің аға жедел уәкілі.
2003-2004 жылдары – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесі бастығының орынбасары.
2004-2005 жылдары – Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары.
2005-2007 жылдары – Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары.
2007-2009 жылдары – Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің бастығы.
2009-2012 жылдары – Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Октябрь аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары.
2012-2017 жылдары – Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасы Октябрь аудандық полиция бөлімінің бастығы.
2017-2018 жылдары – Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы.
2018-2019 жылдары – Қарағанды облысы ПД Қарағанды қаласы полиция басқармасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы.
2019-2020 жылдары – Қарағанды облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2020-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2025 жылы – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2025 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.




