
Атанов Арман Қазбекұлы
Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын, 2012 жылы Қазақстандық жол қатынастары университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы ІІД Семей қалалық ІІБ криминалдық полициясының жедел уәкілі қызметінен бастаған.
Кейіннен Көліктегі ішкі істер департаменті мен Ішкі істер министрлігінің жедел бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2019–2026 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасын, Қылмыстық-атқару жүйесін және ІІМ Кадр жұмысы департаментінің жеке құрам жөніндегі инспекциясын басқарған.
Қазіргі уақытта Астана қаласы Полиция департаменті бастығының Жеке құрам жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Ішкі істер министрлігінің басшылығы тарапынан бірнеше мәрте марапатталған.





