
Сыдықов Шынғыс Әбділәмитұлы
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Сыдықов Шынғыс Әбділәмитұлы - 1976 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1997 жылы қазақ көлік және коммуникациялар академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
2000-2002 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маман – аға салық инспекторы;
2002-2003 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің жанама салықтар және өндіру бөлімінің жетекші маманы;
2003-2005 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің есепке алу және талдау бөлімінің жетекші маманы;
2005-2008 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің есепке алу және талдау бөлімінің бастығы;
2008-2010 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының есепке алу және талдау бөлімінің бастығы;
2010-2013 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының талдау, есепке алу және салықтық әкімшіліктендіру бөлімінің бастығы;
2013-2013 ж.ж. - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының талдау, есеп және салықтық әкімшілендіру бөлімінің бөлім басшысы, Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының талдау, есептеу және салықтық бақылау бөлімінің бөлім басшысы;
2013–2015 ж.ж. - Жосалы кенті әкімінің орынбасары;
2015-2015 ж.ж. - Жосалы кентінің әкімі;
2015-2016 ж.ж. - Жосалы кенті әкімінің орынбасары;
2016-2017 ж.ж. - Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары;
2017-2018 ж.ж. - Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2018-2024 ж.ж. - Жосалы кентінің әкімі;
2024 жылдан бастап Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;




