
Нұров Айбол Қарасайұлы
Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Нұров Айбол Қарасайұлы 1987 жылы 18 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген.
2008 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша және 2010 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғаш еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сарапшы болып бастаған. Одан кейінгі жылдары аталған мемлекеттік органда бас сарапшы, бас консультант қызметтерін атқарған;
2017 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бас сарапшы-бас консультант лауазымдарын атқарған;
2017 жылдың қараша айынан бастап - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қызмет атқарып келді;
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы.




