
Молдабаев Диас Асылбекұлы
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Молдабаев Диас Асылбекұлы 1983 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет колледжін «Техник-бағдарламашы», 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Инженер-жүйетехнигі» мамандығы, 2024 жылы Болашақ университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2005-2007 жж - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының компьютер маманы;
2007-2010 ж.ж. - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы;
2010-2010 ж.ж. - Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы;
2010-2012 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2012-2013 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі;
2013-2015 ж.ж. - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2015-2015 ж.ж. - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің инспекторы;
2015–2017 жж - Қармақшы ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;
2017-2024 жж - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;
2024-2025 жж - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2025 жылдан бастап - Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;




