Исмаилов Даурен Дулатұлы

    Бақылау және үйлестіру басқармасының басшысы

    Исмаилов Даурен Дулатұлы
    Заместитель Председателя

    Исмаилов Даурен Дулатұлы

    Бақылау және үйлестіру басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Дәурен Дулатұлы Исмаилов Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1980 жылы туған. Петропавл экономикалық колледжін (бухгалтерлік есеп), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (Қазақстан тарихы), "Көкше" академиясын (құқықтану) бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Петропавл қаласының № 44 мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2005 жылдан 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы соттары Әкімшісінің сот орындаушысы, бас маманы. 2010 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департаментінің бас маманы, бөлім бастығы - аға сот орындаушысы. 2012-2014 жылдары-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма бастығы, басқарма басшысы. 2014-2018 жылдары - Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының бөлім бастығы, Аппарат басшысы, басқарма төрағасының орынбасары. Тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы, Басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері