
Өмірбаян
Мүтиев Нұрғали Дарғалиұлы 1964 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ілбішін ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын оқымысты агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979-1982 жылдары Жайық арнайы шаруашылығының тракторисі;
1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында;
1985-1989 жылдары Чапаев аудан аралық өндірістік «Сельхозхимия» бірлестігінің тракторисі, Жайық арнайы шаруашылығының механизаторы;
1989-1992 жылдары Жайық мал бордақылау совхозының механизаторы, Жайық мал бордақылау совхозының дала бригадасының бригадирі;
1992-1994 жылдары «Жайық» ауыл шаруашылық кәсіпорнының бригадирі;
1994-1995 «Жайық» ауыл шаруашылық кәсіпорнының агрономы;
1995-1998 жылдары «Ілбішін» өндірістік кооперативінің №3 фермасының меңгерушісі;
1998-1999 жылдары «Жайық АҚ президенті;
1999-2001 жылдары «Жайық» ЖШС-нің құрылтайшы мүшесі;
2001-2002 жылдары Ақжайық аудандық білім бөлімінің ревизор- бухгалтері;
2002-2005 жылдары Ақжайық аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы;
2005 жылы Ақжайық аудандық жер қатынастарын басқару бөлімінің бастығы;
2006-2015 жылдары Ақжайық аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.



