
Өмірбаян
Биманов Руслан Бирлесович 1992 жылы 2 ақпанында дүниеге келген. Жоғары білімді. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің политехникалық факультетінің жерге орналастыру мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Ақжайық ауданы жер қатынастары бөлімінде жастар тәжірибесінен бастаған,
2014-2015 жылдары Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде іс жүргізуші болып жұмыс істеді.
2015 -30.11.2017 жылдары Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
2017-2020 жылдары Ақжайық ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың 3 желтоқсаннан бастап Базаршолан ауылдық округінің әкімі.



