
Өмірбаян
Әлімбекова Гүлхан Мұхтарқызы 1976 жылы дүниеге келген.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірді.
1998 - 2001 жылдары – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2002 - 2008 жылдары – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жеңістің 30 жылдығы атындағы ОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2008 - 2014 жылдары – Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» директоры.
2014 жылы сәуір-қазан айлары – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ә.Ысмайылұлы ОМ оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2014 - 2016 жылдары – Жамбыл ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының маман нұсқаушысы.
2016 - 2018 жылдары – Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
2018 жылдың сәуір айынан – Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры болып тағайындалды.




