
Өмірбаян
Білімі
Ахметова Молдир Ануарбековна 1986 жылы дүниеге келген.
2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірді.
2009 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасын бітірді.
Мансап
2008-2009 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ипотекалық несие беру инспекторы.
21.01.-23.12.2009 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман.
2009-2011 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминалогия, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінде жетекші маман.
2011-2012 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінде бас маман.
2012-2017 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік және ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2017 жылдың 14 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.




