
Өмірбаян
Кучербаев Арман Куанышевич 30.07.1985 жылы туған, білімі жоғары.
Д.а. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақмола облысы ІІД Есіл АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі болып бастаған. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Ақмола облысы ІІД Есіл АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 2021 жылы 27 шілдеде тікелей сайлау жолымен Қаракөл ауылдық округінің әкімі лауазымына қайта сайланды.



