Бирюков Александр Александрович

    Руководитель ЖКХ акимат Есильского района

    Бирюков Александр Александрович
    Руководитель отдела

    Бирюков Александр Александрович

    Руководитель ЖКХ акимат Есильского района

    Өмірбаян

    Александр Александрович Бирюков 1987 жылдың 29 қарашасында Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласында дүниеге келген. 1994 жылдан 2005 жылға дейін Красивинский орта мектебінде оқыды.

    2009 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экология мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.

    2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың желтоқсанына дейін «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ-де жастар тәжірибесі бойынша эколог болып жұмыс істеді.

    2010 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың ақпан айына дейін «Осадчая Аливтина Ивановна» ЖК автомобильдердің электр жабдықтары бойынша консультант болып жұмыс істеді.

    2011 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың қазан айына дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Есіл аудандық Ақмола облыстық филиалының маманы болып жұмыс істеді.

    2011 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың маусым айына дейін Көкшетау қаласындағы «Көкше» академиясында Заңтану мамандығы бойынша сырттай оқудан өтті.

    2012 жылдың қазан айында «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып тағайындалды.

    2013 жылдың наурыз айында арнайы тексеру нәтижелерін алғаннан кейін «Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты»ММ ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    2013 жылдың 1 тамызынан бастап «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы болып тағайындалды.

    2015 жылдың қазан айында «Қазақстан Темір Жолы» «Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының 3-разрядты жол монтері болып қабылданды.

    2016 жылдың қазан айында «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ бас маманының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

    2017 жылдың ақпан айында арнайы тексеру нәтижесін алғаннан кейін «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы болып тағайындалды.

    2019 жылдың желтоқсан айында «Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы болып қайта тағайындалды.

    2020 жылдың наурыз айында «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    2021 жылғы сәуірде «Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2021 жылдың маусым айында «Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері