
Жуманов Аманжан Бакытжанович
Басшының орынбасары
Өмірбаян
1963 жылғы 15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген.
1985 жылда «Экономика және ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген.
"Статистика үздігі" төсбелгісімен және "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
1985 жылдан 1986 жылға дейін - Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Калинин колхозында экономист-финансист.
1986 жылы - Ақтөбе облыстық статистика басқармасында сауда бөлімінің экономисті, сауда және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бас экономисті, агроөнеркәсіптік кешені бөлімінің аға экономисті, Ақтөбе қаласы.
1986 жылдан 1987 жылға дейін - Қаз ССР 60 жылдығы атындағы совхоздың МТМ бухгалтері, Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылы.
1987 жылдан 1992 жылға дейін - Саралжын совхозында бас экономист, БҚО, Қаратөбе ауданы, Саралжын совхозы.
1992 жылдан 1993 жылға дейін - Қаратаөбе аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының экономика бойынша орынбасары, БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.
1993 жылдан 1994 жылға дейін - Қаратөбе аудандық статистика бөлімінің бастығы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.
1994 жылдан 2001 жылға дейін - БҚО Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.
2001 жылдан 2005 жылға дейін - БҚО Қаратөбе ауданы әкімінің аппарат басшысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы.
2005 жылдан бастап2020 жылғы қарашаға дейін -ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысы статистика департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

