Арыстаналиева Роза Сапаровна

    Басшының орынбасары

    Арыстаналиева Роза Сапаровна
    Заместитель руководителя

    Арыстаналиева Роза Сапаровна

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    1971 жылғы 17 тамызда туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
    1993 жылы «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген.

    "Статистика үздігі" төсбелгісімен, ҚР ҰЭМ СК Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

    1993 жылғы шілде-тамыз - Батыс Қазақстан облысының Статистика басқармасы Еңбек статистикасы және халықтың жұмыспен қамтылуы және ОКПО жүргізу бөлімі.
    1993 жылдан 2002 жылға дейін - Экономист, 1-санаттағы экономист, жетекші маман, біліктілігі жоғары деңгейдегі 1-санаттағы маман.
    2003 жылдан 2005 жылға дейін - БҚО Ақпараттық-статистикалық орталықтың Еңбек статистикасы бөлімінің басшысы.
    2005 жылдан 2008 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы статистика басқармасының Баға статистикасы бөлімінің бастығы.
    2008 жылдан 2013 жылға дейін - БҚО статистика департаментінің Баға статистикасы бөлімінің бастығы.
    2013 жылдан 2018 жылға дейін - ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің Баға статистикасы басқармасының басшысы.
    2018 жылғы сәуір айынан бастап
    2020 жылғы қарашаға дейін -ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысы статистика департаментібасшысының орынбасары.
    2020 жылғы қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіҰлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің функцияларын орындайды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері