
Өмірбаян
1963 жылғы 10 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Бұлдырты ауылында дүниеге келген.
1985 жылда «Экономика және ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, ҚРСА Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының статистика үздігі» құрмет атағымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Статистика үздігі», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталған.
1985 жылдан 1986 жылға дейін - Жымпиты ауданы, Кызыл-ту колхозында еңбек және еңбек ақы бойынша экономист, Алғабас ауылы.
1986 жылдан 1992 жылға дейін - Орал облыстық статистика басқармасының агроөнеркәсіп кешені бөлімінде экономист, 3, 2 санаттағы экономист.
1992 жылдан 1994 жылға дейін - Орал облыстық статистика басқармасының күрделі жөндеу статистикасы тобы бөлімінің бастығының орынбасары.
1994 жылдан 1996 жылға дейін - Орал облыстық статистика басқармасының күрделі жөндеу статистикасы бөлімінің бастығы.
1996 жылдан 1998 жылға дейін - Орал облыстық статистика басқармасының өнеркәсіп және күрделі жөндеу бөлімінің бастығы.
1998 жылдан 1999 жылға дейін - Орал облыстық статистика басқармасының жинақтау-талдау, методологиялық және ақпараттық жұмыс бөлімінің бастығы.
1999 жылдан 2000 жылға дейін - БҚО Статистика басқармасының ұйымдастыру, талдау және қаржылық жұмыс бөлімінің бастығының орынбасары.
2000 жылдан 2002 жылға дейін - БҚО Статистика басқармасының жинақтау жұмыстары, талдау және әлеуметтік статистика бөлімінің бастығы.
2002 жылдан 2018 жылға дейін - ҚР ҰЭМ СК БҚО Статистика департаменті басшысының орынбасары.
2018 жылғы ақпаннан бастап 2020 жылғы қарашаға дейін -ҚР ҰЭМ СК БҚО Статистика департаментінің басшысы.
2020 жылғы қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

