
Зулхарнаев Серик Ауелбекович
Басшысының орынбасары
Өмірбаян
1966 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша «С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік» университетін бітірген. 2001 жылы ҚР ІІД Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылғы Жамбыл ауданының Прокуратурасының сынақ мерзімінен өтушісі болып бастаған. 1992 жылғы наурыздан бастап 1993 жылғы ақпанға дейін Жамбыл қаласының Прокуратурасының тергеушісі қызметін атқарды. 1993 жылғы ақпаннан бастап 1993 жылғы қыркүйекке дейін Жамбыл қаласының Орталық ауданының Прокуратурасының аға тергеушісі қызметін атқарды. 1993 жылғы қыркүйектен бастап 1996 жылғы қаңтарға дейін Жамбыл облысы Прокуратурасының аға тергеушісі қызметін атқарды. 1996 жылғы қаңтардан бастап 2005 жылғы қыркүйекке дейін ішкі істер органдарында қызмет етті. 2005 жылғы қыркүйектен бастап 2006 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес агенттігінің тергеу бөлімінің бастығы болды. 2006 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы маусымға дейін Жамбыл облысы ІІД анықтау басқармасының бастығы болып істеді. 2016 жылғы қыркүйектен бастап Жамбыл облысының Статистика департаментінің Заң басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген. 2017 жылғы қазан айынан Жамбыл облысының Статистика депаратменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

