
Өмірбаян
968 жылы 20 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған. Қазақ.
Инженер-жүйетехник мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын (1992), бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Республикалық есеп мамандарын қайта даярлау институтын (1996) бітірген. 2017 жылы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесімен Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін бітірген.
1992 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2018 жылғы 24 қыркүйекте Шымкент қаласының Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2020 жылғы 6 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2021 жылғы 27қыркүйектенбастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыныңЖамбыл облысыбойынша департаментінің басшысы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Статистика үздігі» және «Бірінші ұлттық ауылшаруашылығы санағы» төс белгілерімен марапатталған.
