Мадиев Сырым Ускенбаевич

    Жамбыл облысы Статистика департаментінің басшысы

    Мадиев Сырым Ускенбаевич
    Руководитель

    Мадиев Сырым Ускенбаевич

    Жамбыл облысы Статистика департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1969 жылы 3 тамызда Шымкент облысының Арыс қаласында туылған. Қазақ.

    Джамбул гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген (1991) – «Инженер-экономист». Экономика ғылымдарының кандидаты (1997).

    1996-1998 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік- құрылыс институтында, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде аға оқытушы, деканның орынбасары болып жұмыс істеді.

    1999-2000 жылдары Статистика басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

    2000 жылдың наурыз айынан 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы Статистика департаменті басшысының қызметін атқарды.

    2021 жылғы 27 қыркүйектен бастап ротация тәртібімен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    2022 жылғы 2 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі - 16.12.2001 ж., «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалі - 30.08.2005 ж., Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007жж. медалі - 30.08.2008 ж., «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі - 10.11.2011 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 05.01.2012 ж., «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалі - 05.08.2015 ж., «Құрмет» Ордені - 16.12.2018 ж., "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" Жамбыл облысы әкімінің белгісімен - 11.12.2019 ж.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері