
Шомаков Рустем Бисенбаевич
Басқарма басшысы
Өмірбаян
Шомаков Рустем Бисенбаевич 1984 жылғы 24 маусымда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Бейнеу кентінде дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Бейнеу ауданының салық органдарынан бастаған. 2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында бас маман, бөлім басшысы, басшы орынбасары және басшы лауазымдарын атқарған.
2026 жылғы 4 тамыздан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (C-R-1 санаты).«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталған (2023 жылғы 31 шілде). Мемлекеттік қызмет өтілі — 20 жылдан астам. Үйленген, үш балалы.



