Манзоров Серік Бағдатұлы

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

    Манзоров Серік Бағдатұлы
    Начальник

    Манзоров Серік Бағдатұлы

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында туған.

    2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, 2006 жылы Вест Коаст университетін (Ұлыбритания) бітірген, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, заңгер, іскерлік әкімшілік менеджері, қаржы бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша біліктілік алған.

    Жұмыс тәжірибесі: Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту, құрылыс бөлімінің жетекші маманы м.а. (18.10.2006 - 28.02.2007);

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, құрылыс бөлімінің жетекші маманы (01.03.2007 - 04.04.2007);

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы (05.04.2007-25.02.2008);

    Алмалы ауданы әкімі аппаратының әкімшілік бөлімінің бас маманы (26.02.2008-12.03.2008);

    Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы (13.03.2008-10.06.2008);

    Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр, бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы (11.06.2008-19.01.2009);

    Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары (20.01.2009-03.11.2010);

    Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары (04.11.2010-18.07.2011);

    Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары (19.07.2011-27.10.2013);

    Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары м.а. (28.10.2013-24.12.2013);

    Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары (25.12.2013-13.11.2015);

    Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы м.а. (14.12.2015 - 27.12.2015);

    Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (28.12.2015-30.12.2015);

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Астана қаласы (31.12.2015-10.04.2016);

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасы оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы, Астана қ. (11.04.2016 - 24.08.2016);

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары (25.08.2016-16.10.2016);

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары (16.10.2016-01.2017);

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының кеңесшісі, Астана қ. (01.2017-11.2017);

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы, Астана қаласы (11.2017-12.05.2019);

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (13.05.2019-29.09.2021);

    2021 жылғы 21 қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері