
Макеев Бахтияр Мағзұмұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
Макеев Бахтияр Мағзұмұлы, 1985 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2007 - 2009 жылдар аралығында сот актілерін орындау саласында мемлекеттік қызметте болды.
2009 - 2014 жылдар аралығында Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
2015 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінде жұмыс істеп келеді, оның ішінде 2022 жылдың ақпан айынан бастап Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2024 жылдың 17 қыркүйегінен бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.





