Нестеров Константин Михайлович

    "Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    Нестеров Константин Михайлович
    Директор

    Нестеров Константин Михайлович

    "Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    Өмірбаян

    Мен, Нестеров Константин Михайлович, 1963 жылы 30 тамызда Ресей Федерациясының Чита қаласында дүниеге келдім. 1980 жылы орта мектепті бітіріп, Хабаровск Теміржол көлігі инженерлері институтына оқуға түсіп, 1985 жылы "Байланыс инженері - құрылысшы" мамандығы бойынша бітірдім. Оқып жүрген кезінде "Мәдени-бұқаралық жұмысты және театр көркемөнерпаздар ұжымдарының ұйымдастырушысы" қоғамдық кәсіптер факультетінде қосымша мамандық алдым. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 2 жыл студенттер кәсіподақ комитетінің босатылған төрағасы болып жұмыс істедім. 1987 жылдан бастап Хабаровск қаласында теміржол аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істедім.

    1989 жылы Ресей мемлекеті Дальневосток қаласында саясаттану және әлеуметтік басқару институтында оқыдым. 1993 жылы "Интеграл" телерадиокомпаниясының (Хабаровск қаласы) бас редакторы қызметін атқардым. 1996 жылы әйелінің туған жеріне Қазақстан Республикасы Алматы облысының Текелі қаласына көшіп келдім. Талдықорған қаласында "Блюз телерадиокомпаниясының" бас редакторы болдым. 1997 жылдан бастап Текелі қаласының Мәдениет үйіне көркемдік жетекші лауазымына жұмысқа орналастым. 1997 жылдың маусым айында Текелі Мемлекеттік телерадиокомпаниясының ұйымдастырушыларының бірі болдым. 2006 жылдың қарашасынан бастап "Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК директоры қызметын атқарып келемін.

    Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысамын. 2005 жылдан бастап Текелі қаласының славян этномәдени бірлестігінің төрағасымын. 2016 - 2022 жылдары қалалық қоғамдық келісім кеңесін басқардым

    Текелі қалалық мәслихатының I,III, IV, V және VI шақырылымдарының депутаты болып сайландым. Алматы облыстық мәслихатының және Жетісу облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты.

    2008, 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталдым. ҚР Мәдениет саласының үздігі"("ҚР Мәдениет үздігі") атағына ие болды. 2013 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталдым. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды штабы басшылығындағы жақсы жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталдым.

    1999 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясының, кейіннен "AMANAT" партиясының мүшесімін. 2009 жылдың мамыр айында "Нұр Отан" қалалық филиалы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Алматы облыстық партия ұйымы бюросының мүшесі болып сайландым. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері