
Күшікпаева Рахила Амангилдіқызы
"Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы" КММ директоры
Өмірбаян
Мен, Кушекпаева Рахила Амангильдиевна 15.05.1980 жылы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының Азаматшасы. Ұлтым-қазақ. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Текелі қаласы, Қазақстан көшесі, 28 үй, 28пәтер мекен-жайы бойынша тіркеліп, отбасыммен тұрамын.
Отбасылық жағдайым: тұрмыстамын. Үш балам бар.
1980 жылдан 2000 жылға дейін ата-анаммен бірге Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында тұрдым.
1997 жылы Жоламан орта мектебін бітіріп, 1998жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп 2001жылы оқуымды аяқтадым.
2001-2002жж. Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылы, Жоламан орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
2012 жылдан бастап Текелі қаласының мәдениет саласында кітапханашы болып жұмыс істедім. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ директоры болып қызмет атқарамын.
Қызмет еткен уақыт аралығында көптеген марапаттар алдым:
-Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы басшысы м.а. Ә.Жақыпбекованың алғыс хаты - 2018 жыл;
-Облыстық кітапхана директорының міндетін атқарушысы Б. Жұмабековнаың Алғыс хаты - 2018 жыл;
-Алматы обл.әкімі А.Баталовтың Дипломы – 2019 жыл,
-«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсітік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың Құрмет грамотасы - 2019 жыл,
-Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Оспановадан Алғыс хат – 2020 жыл,
-Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, генарал майор С.Джазин Алғыс жарияланды-2020 жыл,
-Қазақстандық кітапханалық одақтан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі – 2021 жыл,
-Текелі қаласы әкімі Б. Молдахметовтың Құрмет грамотасы – 2022 жыл.
-Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Е.Доланғарановтың «Құрмет граматасы» - 2022ж.





