
Конеева Венера Исмагуловна
Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Венера Исмагуловна 1973 жылы 27 қарашада дүниеге келген.
1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «дәрігер гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген;
2020 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін «денсаулық сақтау магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау қызметінің коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері болып бастаған.
1999 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.
2021 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласының Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады.





