
Мұсаева Анель Берікбайқызы
Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Анель Берікбайқызы 1979 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы Бесағаш ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ ұлттық медицина университетін «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша;
2018 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тағам гигиенасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің жетекші маман-санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы болып бастаған.
2008 жылдан 2021 жылға дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.
2021 жылдан 2024 жылға дейін Алматы қаласының Алмалы ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады.





