
Исембаева Асима Бақытжанқызы
Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Асима Бақытжанқызы 1986 жылы 16 наурызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2009 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген;
2016 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген;
2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қоамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің маманы–эпидемиолог дәрігері көмекшісінің міндетін атқарушысы болып бастаған.
2010 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.
2017 жылдан 2024 жылға дейін Алматы қаласының Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың наурызынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады.





