
Өмірбаян
Қанат Айтуарұлы Егінбаев, 1984 жылы туған, қазақ, Қостанай облысы Амангелді ауданының Кемер ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2011 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтын «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданының Қарынсалды ауылында мұғалім болып бастаған.
2009 жылдың тамызынан 2015 жылдың қазанына дейін Петровка орта мектебінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылдың қазанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін – Первомай орта мектебінің директоры.
2021 жылдың 27 шілдесінен бастап – Астрахан ауданы Первомай ауылдық округінің әкімі.
