
Өмірбаян
Дәулеткерей Жанатхан, 1991 жылы туған, қазақ, Моңғолия Баян-Өлегей қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2017 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Ветеринарлық медицина» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы «Ветсервис+» ШЖҚ МКК ветеринариялық дәрігері болып бастаған.
2019 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейін - Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Астрахан ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Старый Колутон ауылдық округінің ветернинар пунктінің меңгерушісі.
2021 жылдың 1 маусымынан – Астрахан ауданының Старый Колутон ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.




